kz

RU
KZ
Рақмет, Макс!
Макс Эбонг мансабын Болгарияның ЦСКА София клубында жалғастырады. Ол жаңа клубымен 3 жылдық келісімшартқа қол қойды.
19:30, 27 жел 2025

Макс «Астана» командасына 2020 жылы келді және осы уақыт ішінде негізгі ойыншылардың біріне айналды. Қазақстан Премьер-лигасында ол 125 матч өткізіп, 10 гол соғып, 21 нәтижелі пас берді.

«Астана» құрамында Макс Қазақстан чемпионы атанды, Суперкубокты екі рет жеңіп және Лига кубогының иегері болды.

«Астана» футбол клубы Максқа командаға қосқан еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа клубында сәттілік тілейді.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес