kz

RU
EN
KZ
Роман Муртазаев «Астана» үшін өткізген ойындар саны бойынша үздік 10 футболшы қатарына кірді
26 мам 2021


Роман Муртазаев "Қайратпен" болған ойында "Астана" сапындағы өзінің 146 матчын өткізді.
Осылайша, Роман елордалық команданың футболкасындағы матчтар саны бойынша Фокси Кетевоамаға жетіп, клубтың үздік 10 футболшысының қатарына қосылды.
Муртазаев "Астанаға" 2017 жылы келіп, алғашқы матчын Қазақстан Суперкубогында ойнады. Кейін елордада 3 маусым бойы доп теуіп, бір жыл «Тобылда» ойнап, "Астана Аренаға" қайта оралды.
Шабуылшы өзінің 146 кездесуінде 29 гол соғып, 24 нәтижелі пас берді. Бұл көрсеткіштер бойынша ол клуб тарихтағы ең нәтижелі ойыншылар тізімінде 7-ші орында тұр.
Осы кезге дейін ол «Астанамен» бірге үш рет Қазақстан чемпионы атанып, командаға екі рет ел Суперкубогын жеңіп алуға көмектесті.
Айта кету керек, команданың қазіргі құрамында доп теуіп жүрген ойыншылар арасында клуб үшін өткізген матчтар саны бойынша ТОП-10 тек Роман Муртазаев пен Абзал Бейсебеков кіреді. Еске сала кетейік, Абзал бұл көрсеткіш бойынша «Қайратпен» болған матчтан кейін клубтың абсолютті рекордын орнатты.

Бас серіктес