kz

RU
KZ
Рунар Мар Сигурьонссон гол+пас жүйесі бойынша 20 нәтижелі ұпай жинады
«Астана» 11 тур аясында «Жетісуды» 3:0 есебімен жеңді.
00:00, 28 қыр 2020

Ойында Жарко Томашевич дубль жасап, тағы бір голды Абзал Бейсебеков өз еншісіне жазды. Томашевичтің екінші голына Рунар Мар Сигурьонссон нәтижелі пас берді. Бұл исландиялық жартылай қорғаушының «Астана» сапындағы 8 нәтижелі пасы. Осылайша, Рунар елорда командасы сапындағы өткізген 34 ойында гол+пас жүйесі бойынша 20 нәтижелі ұпай (12+8) жинады.
Айта кетейік, ол осы көрсеткіштер бойынша «Астананың» қазіргі құрамынан ТОП-5 қатарына кіреді.
Сигурьонссоннан нәтижесі жоғары тек төрт ойыншы бар. Олар: Марин Томасов (50+44), Дмитрий Шомко (12+46), Абзал Бейсебеков (9+19) және Алексей Щеткин (14+8).

Бас серіктес