Шымкенттік командаға қарсы ойын, Пол Эшуорттың жұмысы және алдағы Еуропа Лигасы аясындағы ойын туралы исландиялық жартылай қорғаушы клубтың баспасөз қызметіне айтып берді:
- Біз күткендей өте қиын ойын өрбіді. «Ордабасы» - мықты қарсылас. Біз әлі де өзіміздің толықтай бабымызға келген жоқпыз. Бірақ, біз әр ойын сайын мықты бола түсетінімізге сенімдімін. Біз үшін ең бастысы үш ұпайға қол жеткізу болды, және біз оны орындай алдық.
- Қазір команда тізгінінде Пол Эшуорт. Оның жаттығу жұмыстарына қандай баға бересің?
- Пол осыған дейін бапкерлік қызмет атқарғандықтан, ол өз ісін өте жақсы біледі. Оған команда құрамындағы ойыншылар мен ішкі жағдай етене таныс. Оның қол астындағы жаттығу жұмыстары жақсы өтті. Біз ең бастысы үш ұпайға қол жеткіздік. Алда барлығы одан да жақсы болады деп үміттенемін.
- Команда алдағы бейсенбі күні Еуропа Лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында Черногория чемпионы «Будучностты» қабылдайды. Бұл ойыннан не күтесің?
- Мен тек жеңіс күтемін. Ол біздің қолымыздан келеді. Біздің тәжірибеміз жеткілікті, оған қоса ешқайда ұшудың қажет жоқ, осы жағдайлар бізге басымдық береді деп ойлаймын. Жалпы алғанда, біз мықты командамыз және оны бейсенбі күні дәләлдеуге тиіспіз.