kz

RU
KZ
Рунар Сигурьонссон құрамадағы 30-шы ойынын өткізді
Исландия құрамасы Ұлттар Лигасын Уэмблиде Англияға қарсы ойынмен аяқтады.
00:00, 19 қар 2020

Исландиялықтар сапында «Астана» жартылай қорғаушысы Рунар Мар Сигурьонссон негізгі құрамда алаңға шықты. Бұл оның Ұлттық құрама жейдесіндегі 30-шы ойыны ретінде тіркелді.

Рунар құрама сапында 2012 жылы 14 қараша күні Андорраға қарсы кездесуде дебют жасаған. Жартылай қорғаушы осы 30 ойында бір гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Бас серіктес