Өкінішке қарай, әртүрлі жарақаттар салдарынан «Астана» футболшыларының бірқатары «Тобылға» қарсы өтетін 14-ші турда командаға көмектесе алмайды.
Аталмыш ойынға қорғаушы Лука Шимунович, жартылай қорғаушылар: Иван Маевский, Дорин Ротариу, Рунар Мар Сигурьонссон, Юрий Перцух және шабуыл шебіндегі жас ойыншы Станислав Басманов қатыспайды.
Еске сала кетейік, «Астана» - «Тобыл» арасындағы ойын бүгін, яғни 22 қазан «Жас Қыран» (Алматы) стадионында өтеді. Ойынның тікелей көрсетілімі 17:00-де Qazsport телеарнасында жоспарланған.