Бүгін «Астана» футбол клубының капитаны, 29 жасты толтырған Абзал Бейсебековтің туған күні.
Абзал – елордалық клубтың көшбасшысы әрі ардагері. Клуб сапында 300-ден астам ойын өткізген, «Астаналықтар» қатарында 16 жасында алаңға шығып, лигада гол соққан ең жас ойыншы атанған ҚОРҒАУШЫ. Фуболшы қоржынында бар-жоғы 6 чемпиондық атақ, Қазақстанның 2 кубогы және 4 суперкубогы бар.
«Астана» футбол клубы Абзалды төл мерекесімен құттықтап, болаттай берік денсаулық, отбасына амандық және команда сапында жүлделі жеңістер тілейді!