kz

RU
KZ
Саламат Жұмабеков: «Астананың» жейдесін кию – мен үшін өте маңызды және бағалы»
00:00, 10 шіл 2022

«Астана» жастар командасының жартылай қорғаушысы Саламат Жұмабеков негізгі құрам сапындағы алғашқы ойынын өткізді. «Жетісумен» өткен матчтан кейін ойыннан алған әсерімен бөлісіп, бапкердің ақыл-кеңестері, жалпы кездесу жайында пікірін білдірді.

– Саламат, негізгі құрамдағы дебют құтты болсын! Ойыннан кейін қандай сезімде болдың?
– Рахмет! Біріншіден, маған сенім артқаны үшін бас бапкер Срджан Благоевичке алғысымды білдіремін. Кездесуден кейін түсінгенім бір, біздің әлі де тәжірибелі ойыншылардан үйренеріміз көп.

Клубтың бас серіктесі «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес