Босниядан келген шабуылшы Семир Смайлагич "Астанамен" келісімшартқа қол қойды, баспасөз қызметіне берген сұхбатында ол клуб пен ел туралы білетінін, сондай-ақ алдағы маусымға деген өзінің үміттерін айтты:
- Мен Қазақстан туралы көп білмеймін, бірақ оның әдемі ел екенін көрдім. "Астана" - үлкен клуб, мен клубтың Еуропа Лигасындағы ойындарын көрдім, тағы да еурокубоктарда ойнаймыз деп үміттенемін!
- 2021 жылдың маусымынан сен не күтесің?
- Әрине, біз бәріміз үшін ішкі Чемпионатта да, Еуропадағы матчтарда да маусымның сәтті болғанын қалаймыз.
- 2 аптадан кейін мауысымдық ойын бастау алады, Қазақстан Суперкубогы үшін матчтар басталады. Сен осы ойындардан не күтесің?
- Мен "Астананың" Қазақстан Суперкубогын жеңіп ала алатынына және ол биылғы жылы біз үшін алғашқы титулға айналатынына сенімдімін.
- "Астана" сапында қандай нөмірмен ойнағыңыз келеді?
- Маған 99 нөмірі ұнайды, егер ол бос болса, сол номерді алғым келеді