kz

RU
EN
KZ
Сигурьонссон – «Ордабасыға» қарсы кездесудің үздік ойыншысы
Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat аналитикалық компаниясының ұсынған мәлеметтері бойынша Рунар Мар Сигурьонссон «Ордабасы» - «Астана» арасындағы кездесудің үздік
14 қыр 2020

Исландиялық жартылай қорғаушы екі голдан бөлек, кездесу барысында 91% тура пас беріп, қарсылас қақпасына үш соққа бағыттаған.

Екінші орында Тигран барсегян. Армения құрамасының жартылай қорғаушысы аталмыш кездесуде шымкенттік команда қақпасына төрт мәрте соққы бағыттап, 4 рет қарсылас ойыншыларынан айласын асырған.

Instat бойынша үздік үштікті Макс Эбонг түйіндеді. Жас беларусь орталық алаңда үлкен көлемдегі жұмыс атқарып, 97% тура пас беріп, 4 мәрте қарсылас ойыншыларын қапыда қалдырып, осы көрсеткіштер бойынша екі команда арасында үздік нәтиже көрсетті.

Instat Index бойынша үздік бестік:
1.Рунар Мар Сигурьонссон 295
2.Тигран Барсегян 286
3. Макс Эбонг 262
4. Дмитрий Шомко 260
5. Дорин Ротариу 260

Бас серіктес