КуПС-тің бас бапкері Симо Валакари «Астанамен» болған ойынға қатысты пікірін білдірді.
– Тамаша нәтиже. Біздің ойыншылар өте мықты екенін айта кеткім келеді: олар өз үйінде керемет ойнайтын командаға қарсы тұрды. Бірінші тайм қорытындысы бойынша 0:2 ұтылып жаттық, бірақ біздің ойыншылар өз күштеріне ешқашан күмәнмен қараған емес. Футболшыларымыз мінез көрсетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
– Хет-трик жасаған Рангел қосалқы құрамнан шықты, неге негізгі құрамда емес?
– Бізде мықыт ойыншылар көп, бірақ алаңға 11 футболшылар шыға алады. Мен ойынымызға қарқын қоса алатын нұсқалар бар екенін білемін.
– Бұл матчты ХИК жіберген кекті қайтару болып есептеле ме?
– Иә, ол ойын жайлы білеміз, бірақ біз КуПС - өзге командамыз..
– Командаңыз екінші таймда камбэк жасағанына таңғалдыңыз ба?
– Біз екінші таймда «Астананың» қорғаныста ойнайтынын білдік, сондықтан алдыға шабуылдаушы ойыншыларды жібердік, міне, осы ске асты.
– Келесі қарсылас «Унион» жайлы не айта аласыз?
– Плей-офф кезеңіне өтуге лайық болдық. Және қарсыласымыз Бундеслиганың командасы, бірақ футболда барлығы мүмкін. Қалай ойнадық, солай жалғастыра беретін боламыз.
– Жауын және жасанды алаң кедергі болмады ма?
– Жоқ, барлығы жақсы болды. Доп жылдам барды және біз осындай жағдайға үйренісіп кеттік.
Клубтың бас демеушісі «Самрук Казына» ҰӘҚ» АҚ