kz

RU
KZ
Көңіл айту...
22 мам 2021


 
76  жасқа қараған шағында атақты футболшы, бапкер және футбол аңызы Мельс Оралбекұлы Кенетаев өмірден озды. 
 
Футболшы кезінде «Целинник» командасында доп тепкен еді. Кейін 1968 жылы командамен бірге Қазақ КСР-ның бірінші Кубогын жеңіп алды. 
 
Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін Целиноград футбол жүйесінде жұмыс істеді. Сондай-ақ, «Есіл», «Жеңіс» және «Оқжетпес» командаларын жаттықтырды. 1996 жылы Иранның жоғарғы дивизионындағы «Бахман» клубында бапкер-кеңесші қызметін атқарып, бір жылдан кейін бас бапкер болды. 
 
«Астана» футбол клубы атынан барша футбол қауымдастығына, сондай-ақ Мельс Оралбекұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. 
 
Марқұмның жаны жәннатта, топырағы торқа болсын...

Бас серіктес