kz

RU
EN
KZ
Срджан Благоевич: «Топтық кезеңді бірінші орынмен аяқтағанымызға қуаныштымын»
«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич қарағандылық «Шахтерге» қарсы ойынның нәтижесі жайында пікір білдірді.
14 там 2022

– Ойында жеңіске жетіп, топтық кезеңді бірінші орынмен аяқтағанымызға қуаныштымын - бұл ең бастысы. Матч туралы пікір білдіру ыңғайсыз, өйткені біз «Шахтердің» қосалқы құрамымен ойнадық, матч туралы көп айтпай-ақ қояйын. Менің ойымша, біз лайықты жеңіске жеттік, кей ойыншыларға мүмкіндік бердік, ал басқалары демалды. Біз чемпионатқа дайындалып жатырмыз, жігіттерді жеңісімен құттықтаймын және «Шахтерге» маусымда сәттілік тілеймін.

– Командаға жаңадан Килан Лебон қосылды. Оның чемпионатқа дайындығы қандай?
– Дайын емес. Ол соңғы рет мамыр айында алаңға шыққан, кейін біраз уақыт командасыз қалды, сол себепті бізге еркін агент ретінде келді. Қазір оның дайындық деңгейі орташа, уақыт керек, бірақ бізде ұзақ дайындалатындай мүмкіндік жоқ, сондықтан Киланды еш жарақатсыз чемпионатқа дайындаудың тиімді шарасын табуға тырысамыз.

Клубтың бас серіктесі «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес