«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Шахтермен» өткен ойынның нәтижесін қорытындылады.
– Срджан, қоймасқа болмайтын сұрақ: қалайша алаңда бірден 7 легионер болды?
– Иә, біз не болғанын білеміз. Бұл сәтте негізінен, Педроның орнына Камара шығу қажет болған, бірақ Денис Поляков жарақат алып қалды. Мұның бәрі мұқият болмағанымыздың кесірінен болды деп айта аламын және барлық кінәні өз мойныма аламын. Барлығынан кешірім сұраймын, бірінші кезекте алаңда бой беріп, соңына дейін күрескен футболшылардан кешірім сұрағым келеді. Бұл қателік, басқа ештеңе айта алмаймын. Кешірім өтінемін, егер бұл менің кінәмді жеңілдете алса, әрине.
– Бүгін «Астана» жиі шабуылдамай, керісінше көбінесе қорғаныста қимылдады. Неліктен?
– Бұл чемпионаттағы алғашқы ойын, ол әрқашан қиынға соғады және барлығы үлкен жауапкершілік пен қысымды сезінеді. Бізге батылдық жетіспеді, күш-жігер жетіспеді және доптан керек емес жерде айырылып жаттық. Ойын кезінде біз жаттығуда қайталаған сәттер болды, бірақ ойдағыдай жасай алмадық. Енді, болған жағдайларға қарамастан, ойынға сараптама жасап, қателіктерімізден сабақ алатын боламыз.
– Кездесу барысында Брайан алаң ортасына жиі ойысып, «Шахтер» ойыншыларына өз қапталында бос кеңістік қалдырып қойды. Бұған не себеп?
– Брайанға келетін болсақ, біз ойынға қойған жоспарларымызды орындағымыз келді, алаң ортасында басымдыққа ие болып, «Шахтердің» ойынынан көрген сәттерді пайдаланғымыз келді. Бұл тактикалық идея, кейде іске асып, кейде мүлдем жүрмеді.
– Біз сіздің допты бақылауда ұстап, комбинациялық футболды жақсы көретініңізді білеміз. Қашан осы сіздің ойын мәнеріңізді көре аламыз?
– Бұл үлкен процесс, сондықтан ұзақ уақыт, біраз еңбекті қажет етеді. Әрине, біз күн сайын дамып келеміз. Біз Түркиядағы жиындарда біраз қиындықтарға душар болдық, трансфер аяқталмай жатып, кейбір ойыншыларымыз командаға кеш қосылды. Мысалы, Камара бізге кеше ғана келді. Бұның барлығын орындау үшін төщімділік керек, мен біздің жақсы нәтижеллерге қол жеткізетінімзге сенемін, сондықтан әр жақтан төзімділік қажет, әсіресе бізге қолдаулары ауадай қажет жанкүйерлер тарапынан.
– Біз Мохаммед Камараның командаға енді ғана қосылғанын білеміз. Матч алдында оның бүгін дебют жасайтынын жоспарладыңыз ба?
– Жоқ, жоспарламадық. Шыны керек, мен бар болғаны оның ішкі атмосфераны сезінгенін қаладым. Бірақ, соңғы 10-15 минутта бізге нәтиже керек болды, сондықтан оны гол соғу үшін шығардым.
Клубтың бас серіктесі «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ