– Ең бастысы, бүгінгі ойында жеңіс тұғырынан көрінгеніміз, осылайша плей–офф кезеңіне шығуға мүмкіндік алдық. «Ракувқа» қарсы кехдесудің өткеніне үш күн болды, сол себепті команданың шаршағаны әрі психологиялық тұрғыда қалыпқа келмегені бар. Ойын сәтті басталды, алғашқы минуттарда есеп аштық, матчты толық өз бақылауымызда ұстадық.
Екінші таймда ұзақ уақыт жаттықпаған Марин мен Камоға мүмкіндік берілді. Қай жағынан алсаңыз да шаршағанына қарамастан, жігіттер ойынды соңына жеткізіп, жеңісті қолдан бермеді. Негізі демалуымыз керек еді, алда екі күн тынығып, сосын ойынды талдауға кірісеміз.
– Бүгін қорғаныс жағы әлсіздеу болды...
– Иә, ойыншылардың шаршағаны бар, матч кезінде Дарабаев пен Поляков қорғанысқа көмектесетіндей ойын құруға тура келді. Шаршау басым болды, ойынға әсер етті, Ракувқа қарсы ойыннан үш күн салып алаңға шығу – қиын болды.
– Александр Заруцкийдің ойыны қалай?
– Сашаның ойынына көңілім толады, жақсы өнер көрсетті.
– Педро қос гол соғып, тамаша ойын өткізіп, жоспарды орындады, ал сіз Станислав Басмановты алмастыруды жөн көрдіңіз. Не себепті осындай шешім қабылдадыңыз?
– Біз Маринге ойнауға мүмкіндік бергіміз келді. Мен Педроның күш–жігеріне ризамын және оған көп уақыт бергіміз келді. «Кімді алмастыру керек?» дегенде өз арамызда пікірталас болды, таңдау жасап, Эуженионы қалдырамыз деп шештік, себебі жеңіске деген сенімді арттыратын гол соғу мүмкіндігі болады деп үміт арттық.
– Екінші таймда Михаил Габышев қорғаныстың оң қапталынан ортаға ауысты, оның бұл позициядағы ойыны ұнады ма?
– Ол екі позицияда да ойнай алатын футболшы. Ол – ақылды ойыншы, соның арқасында өзі шешім қабылдайды. Мен осындай ойыншыларды жақсы көремін, бірақ оның екінші таймда шаршағаны байқалды.
– Владислав Прокопенко ұзақ уақыттан кейін алаңға шықты, оның оййыны жайында не айтасыз?
– Ол ауыр жарақат алды, қалыпқа келуі үшін көп уақыт қажет болды. Соңғы аптада командамен бірге жаттыға бастады, оған ойын уақытын бергіміз келді. Күннен күнге жақсы ойнап келеді, осылай жалғастыра береді деген ойдамын.
– «Ракувпен» өткен ойыннан кейін басшылықпен сөйлестіңіз бе, әңгіме не жайында болды?
– Біз басшылықпен жалпы тақырыпта сөйлестік, алдағы жоспарлады да талқыладық. «Келесі қадам қандай болмақ? Команданы күшейтуге мүмкіндіктеріміз бар ма?» дегендей.
– Елімізде трансферлік кезең жабылды. Командаға жаңа ойыншылар тартуға мүмкіндік бар ма?
– Мерзімі аяқталған еркін агенттерді ғана ала аламыз. Трансфер кезеңінде мүмкіндікті толық іске асыра алмадық, енді тек еркін ойыншылармен келіссөздер жүргізуге болады.
– «Ракувқа» қарсы осындай қиын соққан кездесуден кейін команда ішіндегі ауыс-түйіс немесе тың өзгерістер жайында не ойлағаныңыз бар? Келесі еурокубок маусымына дейін жаңалықтар бола ма?
– Осы уақытқа дейін өткерген жайттардан кейін қандай өзгерістер керек екендігі анықталды. Қай бағытта дамиытынымыз жайында ойлағаным бар, бірақ та команданы жаңа ойыншылармен күшейту немесе басқа да ауқымды жаңалық емес. Ол үшін қаңтар айын күтеміз. Менің өз ойлағаным бар, бірақ біз осы сәтте маңызды дүниеге зер саламыз, яғни ел кубогы мен чемпионаты басты назарда болмақ.
– Жаңа ойыншыны тартуымыз мүмкін дедіңіз. Сіз орталық жартылай қорғаушы позициясына адам іздейсіз бе?
– Ойлағаным көп, бірақ кейде іске асады, кейде болмай жатады. Легионерді қарастыратын болсақ, онда бір орын бар. Барлығы бюджетке байланысты, бұл басты мәселе. Көрпемізге қарай көсілеміз. Менің пікіріммен келіссеңіз де, келіспесеңіз де болады, бірақ дәл қазіргі сәтте командамызда Қазақстанның ең үздік орталық жартылай қорғаушысы бар.
– Дарабаев қой?
– Әрине, Дарабаев.
– Клуб басшылығымен қарым-қатынасыңыз қандай? Рукавина жуырда берген сұхбатында «клубта футболдан алыс адамдар жұмыс істегенде жағдайдың қиын болатынын» айтқан еді.
– Тастанбек Есентаевпен де, Санжар Сейітқазиновпен де жақсы араласамыз. Біз бар мәселеге қатысты сөйлесе аламыз, қарым-қатынасымыз жақсы. Бәрін ақылдасып шешуге тырысамыз, бірақ менің өз жұмысым бар: жаттығу процесі, алаңда ойыншылармен жұмыс істеу дегендей. Өз ойлағанымды жеткізуге тырысамын, бірақ кейбір мәселе не шешім маған байланысты емес, менің лауазымдық қызметіме сай келмейді. Барлығын мен шеше алмасым анық, ол үшін жауапты құзыретті жандар бар.
– Бапкер клубтағы жағдайларға: бюджетке, ұйымдастыру жұмыстарына және жаңа ойыншыларды тартуға кейде әсер ете алмайды деген болатынсыз. Өз пікіріңізді өткізуге не кей жағдайларға әсер етуге тырыспадыңыз ба?
– Үнемі тырысып бағамын. Бұл тақырыпқа жан-жақты сөйлесеміз, бәрі де қолынан келгенінше жасайды. Мен олардың жұмысына араласа алмаймын, бюджеттің шектеулі екенін білемін. Осы жерден-ақ мәселенің өзгермесін білемін, әрі қарай қазбаламаймын. Польшаға ұшу бойынша қандай мәселе болғанын білмеймін, маған ақпарат тек соңында жетті. Қолымнан келгенше осындай сәттерге араласамын, жағдайды өзгертуге тырысамын. Сұрайтыным да бар, бірақ толығымен қадағалау менің міндетіме жатпайды. Негізінен, ойын алаңына, футболшыларға, киім ауыстыратын бөлменің жағдайына қарап, клубты жақсарту үшін бас қатырамын.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық–Қазына» ҰӘҚ» АҚ