kz

RU
EN
KZ
Срджан Благоевич: «Қорғаныста сауатты ойнауға тырыстық»
«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич Ақтауда өткен кездесуді қорытындылады.
10 қыр 2022

– Мен ойын алдында біз үшін сырт алаңдағы ең қиын кездесу болатынын айттым. Бұған дейін біз қонақтағы матчтарда тек екі рет жеңген болатынбыз, осы жолы үшінші жеңіске жетеміз деген ниетіміз өте жоғары болды. «Каспий» – жақсы команда, сол себепті оларға қарсы әдеттегі ойынымыздың дұрыс болмасын түсіндік. Қорғаныста сауатты ойнап, кей сәттерді өз пайдамызға асыруға тырыстық.

Алғашқы таймда мүмкіндік тең дәрежеде болды. Абырой болғанда бірінші боп есеп ашу бізге бұйырды. Екінші таймда қорғаушының артындағы бос кеңістікті жиі пайдалана отырып, қорғанысты тұсап ұстадық. Кей сәттерде бұдан да көп гол соғу мүмкіндігі болды, дегенмен ең бастысы қажетті үш ұпайды иелендік. Енді бізді 4 күннен кейін «Тобылға» қарсы ойын күтіп тұр, қалыпқа келіп, кездесуге дайындалу керек.

– Ақтаудағы стадионның атмосферасын жақсы білесіз. Бүгінгі жайт сізге ұнады ма?

– Мен ақтаулық жанкүйерлердің командасына қандай қолдау көрсететінін білемін, олар клубты, команданы жақсы көреді және лайықты қолдай біледі. Бұл жерде ешбір командаға оңай болмағанын тағы да атап өтейін, ел біріншілігінде Ақтауда «Тұраннан» басым түсті, бұл «Каспийдің» қаншалықты жақсы команда екенінің көрсеткіші. Иә, әзірге нәтиже аздау, бұл кездейсоқтық, алдағы уақытта жақсы нәтижеге қол жеткізетініне сенімдімін. Осы жерде жұмыс істегенімді есепке алмасақ та, бұл команда маған ұнайды. «Каспий» жақсы ойнап келеді, алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін.


«Астана» ФК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Астана» ФК серіктесі - «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес