kz

RU
EN
KZ
Тигран Барсегян: «Жанкүйерлер мен олардың қуанышын көру керемет сезім сыйлады»
30 нау 2021

 

Тигран Барсегян 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында өткен Армения-Исландия матчтың үздік ойыншысы атанды. Ол ойын барысында бір гол соғып, әріптесіне нәтижелі пас берді.

Бұл Тигранның ұлттық құрама үшін соққан 7-ші голы, осылайша ол Армения құрамасының сұрмергендер тізімінде 7-ші орынға көтерілді.

Матчтан кейін «Астана» командасының жартылай қорғаушысы ойын туралы айтып, өзінің көңіл-күйімен бөлісті: 

- Алғашқы минуттардан бастап жеңіске жететінімізге сендік, себебі сол үшін алаңға шықтық. Гол соққан кезде мен өз стилімде қапталдан ортаға қарай ойысып, соққы жасадым. Ол жерде сәттілік те серік болды. Менің де, Байрамянның голы да өте жақсы соғылды, жалпы ойын керемет өтті, біз жеңіске 100% лайық болдық.

Клубта мұндай соққылар көп жасай қоймаймын, өйткені сол қапталда көбірек ойнаймын. Алайда осы позициядан қалай тебуге болатынын нақты білемін деуге болады. Дегенмен қазір бұл маңызды емес, ең бастысы біз жеңіске жетіп, көп жанкүйерді қуанта алдық.

Осындай суық ауа-райында стадионда болған әр адамға алғыс айтамын. Бұл біз үшін өте маңызды болды! Жанкүйерлер мен олардың қуанышын көру керемет сезім сыйлады. Біз үшін жанкүйерлердің қолдауы өте маңызды.

Бас серіктес