«Астана» және Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян news.am тілшісіне сұхбат беріп, алдағы жылға жоспары және бас бапкермен қарым-қатынасы туралы айтып берді:
– Менің «Астанамен» бір жылдық келісімшартым бар. Мен команданың Қазақстан Чемпионы атануына көмектесіп, сондай-ақ, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуына атсалысқым келеді. Әзірге мұның барлығы келесі жылы қалай ұйымдастырылатынын білмеймін. Мен қазіргі уақытта демалысқа көңіл бөліп, телефонда аз отыруға тырысудамын. Бірақ, бір айтарым мені өз қатарында көргісі келетін көптеген команда бар. Маған дейін Қазақстанда ойнаған армяндық футболшылар ерекше ойындарымен есте қалған. Біз солардың ізін жалғап келеміз.
Андрей Тихонов – өте жақсы адам. Ол менің үлкен ағам сияқты. Ол үшін футболшылар барлығына дайын.