Оның үшеуін Чемпионат аясында, біреуін Чемпиондар Лигасында өткізді. Қалыптасқан дәстүрге орай, "Астана" футбол клубының ресми парақшасында жанкүйерлер тамыз айының үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады. Нәтижесінде, барлығынан көп дауыс жинаған Тигран Барсегян үздік атанды. Армения құрамасының жартылай қораушысы тамыз айында "Таразға" қарсы кездесуде нәтижелі пас беріп, "Оқжетпеске" қарсы ойында елорда командасы еншісіне пенальти алып келіп, ал оны Рунар Сигурьонссон сәтті орындады.
Сауалнама қорытындысы бойынша екінші орында Марин Томасов. Астаналық ұжымның шабуыл шебіндегі көшбасшысы Чемпиондар Лигасы аясындағы "Динамоға" (Брест) қарсы ойында гол соғып, екі нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.
Жанкүйерлер пікірі бойынша үздік үштікті Абзал Бейсебеков түйіндеді. Қазақстан құрамасының шабуылшысы төрт кездесудің бірінде ғана негізгі құрамда алаңға шыққанымен, Беларусь чемпиондарына қарсы кездесуде гол соғып, "Таразға" қарсы ойында шабуылға араласып, ал ол нәтиже алып келді.
"Астананың" тамыз айындағы ТОП-5 ойыншысы:
1.Тигран Барсегян 33,68%
2.Марин Томасов 24,91%
3.Абзал Бейсебеков 11,48%
4.Дмитрий Шомко 11,1%
5.Дорин Ротариу 8,85%