- Тигран, «Қайсар» Сіздің мансабыңыздағы маңызды команда екенін ескерсек, осы ойында қандай сезімде болдыңыз?
- Ойын алдында ескі достарыммен кездескеніме қуаныштымын, өткен маусымда мен үшін жасаған барлық жақсылықтары үшін «Қайсардың» ойыншылары мен жанкүйерлерін қатты құрметтеймін. Бірақ, қазір мен «Астананың» ойыншысымын. Мен қарсыластың қандай ұжым болғанына қарамастан, командамның жеңіске жетуі үшін барлығын жасайтын боламын.
- «Астана» үшін тағы бір қиын ойын артта қалды. Бірақ, нәтиже бар. Иықтан ауыр жүк түсті дей аласыз ба?
- Әрине, жеңістен кейінгі көңіл-күй мүлдем басқаша. Бірақ, біз бұл тек бір ойын екенін түсініп, әр ойында жеңіске жету үшін көп еңбектенуіміз қажет.
- «Астана» чемпиондық тартысқа дайын ба? Қалай ойлайсыз, команда «Қайратқа» бәсекелестік таныта ала ма?
- Тек тоғыз ойын ғана ойналды - бұл тіпті чемпионаттың жартысы да емес. Біз алға жылжып, әр ойында жеңіске жетуге тырысамыз, ал қорытындыны маусым соңында шығаратын боламыз.
- Жақында Transfermarkt ҚПЛ ойыншыларының бағаларын қайта жаңартты. Сіздің құныңыз өскен екен, ондай дүниелерге қаншалықты мән бересіз?
- Жоқ, бұл мен үшін маңызды емес. Маған команданың жеңісіне үлес қосқан маңыздырақ.