Prosports.kz спорттық интернет-порталы Қазақстан чемпионатындағы таңдаулы құрамдарды анықтауды жалғастыруда.
Осы жолы Кавказ елдерінен келген ойыншылардың құрамасын анықтап көрді.
Үздік 11 футболшының қатарына «Астана» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян енді.
Армениялық ойыншы осы маусымда елорда командасы қатарына қосылып, 4 ойында бір гол соғып, өз еншісіне бір нәтижелі пас жазған болатын.
Тигран өткен маусымда қызылордалық «Қайсар» сапында ойнап, Қазақстан Кубогын жеңіп алған еді.
Ал Армения құрамасы сапында 28 ойын өткізіп, 5 гол соққан.