kz

RU
KZ
Тигран Барсегян Армения құрамасы сұрмергендерінің үздік ондығына енді
00:00, 06 қыр 2020

 

Армения құрамасының Ұлттар Лигасы аясындағы Солтүстік Македонияға қарсы өткізген кездесуіндегі жалғыз голын «Астана» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян соқты. 

Бұл оның өз ұлттық құрамасы сапындағы 6-шы голы ретінде тіркелді. Тигран осы көрсеткіші бойынша Араз Озбилиз, Артур Саркисов және Армен Шахгильдянды қуып жетіп, Армения құрамасы тарихындағы сұрмергендер тізімінде 8-11 орындарды өзара бөлісіп тұр. 

Бұл көрсеткіштер бойынша Генрих Мхитарян (29 гол), Юра Мовсесян (14) және Геворг Казарян (13) көш бастап тұр.

Бас серіктес