kz

RU
EN
KZ
Тимур Досмағамбетов: «Маңызды үш ұпайды еншіледік»
«Астананың» қорғаушысы Тимур Досмағамбетов «Қызылжармен» өткен ойынды қорытындылады.
22 там 2022

– Тимур, жеңіс құтты болсын! Қазақстан чемпионаты қайта оралды, «Қызылжарды» жеңдіңіздер. Жалпы матч туралы ойың қандай?

– Рақмет! Матч өте қиын болды. Қалай болғанда да, «Қызылжар» – жақсы команда, бұл сөзіме олардың Конференциялар лигасындағы ойындары дәлел бола алады. Сондықтан, ең бастысы жеңіске жетіп, маңызды үш ұпайды еншіледік.

– Алғашқы минуттарда гол соғып үлгердік, кейін қиын ойын басталды. Оның себептері қандай деп ойлайсыз?

– Иә, біз жақсы бастадық, жақсы гол соқтық және екінші голды соғымыз келді, сондықтан біраз асығыс болған сияқтымыз, бұл қателіктерге әкеп соқтырды, бірақ тағы да айтамын, ең бастысы біз қажетті нәтижеге қол эеткіздік

– «Астанаға», командаға келгеніңізге бір жарым ай болды. Бейімделу қалай өтіп жатқанын айта аласыз ба?

– Егер мен басқа елден келсем, бейімделу деген болар ма еді, бірақ бұл жерде мен бүкіл команданы білемін, оның үстіне «Астананың» жігіттері жақсы қабылдады, мүлдем мәселе болған жоқ (күліп).

«Астана» ФК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Астана» ФК серіктесі - «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес