«Астана» қызылордалық «Қайсарды» 3:1 есебімен жеңген ойында Марин Томасов кездесудің басты қаһарманы атанды.
Хорватиялық жартылай қорғаушы бірінші таймда гол соғып есеп ашса, екінші таймда Пиерос Сотириуға нәтижелі пас берді.
Осылайша, Томасов «Астана» жейдесінде 52 гол соғып, 48 нәтижелі пас беру арқылы 100-ші нәтижелі ұпайын еншіледі.
Марин гол+пас жүйесі бойынша 100 ұпай жинаған клуб тарихындағы алғашқы ойыншы. Ол бұл нәтижеге 126 ойында қол жеткізді. «Астананың» ең нәтижелі ойыншылар тізімінде Томасовтан бөлек, 12 гол соғып, 47 нәтижелі пас берген Дмитрий Шомко бар, ол бұл тізімде бесінші орында.