kz

RU
KZ
Томасов Қазақстан Чемпионатының таңдаулы құрамына енді
05 шіл 2020

Рrosports.kz спорттық сайты өз оқырмандарын қуантып, әртүрлі таңдаулы құрамаларды жасақтауды жалғастыруда.
Автор осы жолы бұрынғы Югославия елдерінен келген футболшылардан құрама жасақтап көрді. Бұл тізімге Сербия елінің ойыншылары енген жоқ. Себебі, осыған дейін бұл елден келген ойыншылардың үздіктері жасақталған болатын.
Нәтижесінде, балқандық ойыншылардың таңдаулы құрамына «Астана» жартылай қорғаушысы Марин Томасов енді. Хорватиялық ойыншы елорда командасы сапында барлық турнирлерде 111 ойын өткізіп, 49 гол соғып, 41 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ, Марин 3 мәрте Қазақстан чемпионы атанып, 2 мәрте ел Суперкубогын жеңіп және үш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнаса, 2017/18 жылғы маусымда командамен бірге Кәрі Құрлықтың екінші деңгейлі турнирінің 1/16 финалына шыққан болатын.
Сонымен қатар, 11 үздік ойыншы қатарында «Астана» футбол клубының екі экс-ойыншысы бар. Ол клуб қорғанысының көпжылдық көшбасшысы Марин Аничич және Черногория құрамасының жартылай қорғаушысы, елорда командасы тарихында із қалдырған Дамир Кояшевич.

Бас серіктес