kz

RU
EN
KZ
«Астананың» үш футболшысы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды
07 қар 2020

 

Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО іріктеу кезеңі аясындағы соңғы ойынын Шымкентте Фарер аралдарына қарсы өткізеді. 
Осы ойынға бапкерлер құрамы «Астананың» үш  футболшысын шақыртты: жартылай қорғаушылар Мәди Жақыпбаев, Сұлтан Сағнаев және шабуылшы Рамазан Каримов.

Одан бөлек, «Астанамен» келісімшарты бар, алайда осы маусымда өзге клубтарда жалда өткізіп жатқан қорғаушылар Талғат Кусяпов, Дінмұхамед Қашкен, жартылай қорғаушылар Лев Скворцов пен Жасұлан Қайыркенов құрама сапына шақырту алды. 

Ойын 17 қараша күні өтеді.

Бас серіктес