kz

RU
KZ
«Астана» футбол клубының кеңсесінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының концепсиясын іске асыру талқыланды.
25 мау 2022

Елордалық клуб кеңсесінде «Астананың» басшылығы мен комплаенс-офицері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментімен бірлесіп семинар өтті.
«Астана» футбол орталығының қызметкерлері мен жаттықтырушылар құрамы алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің астаналық департаменті превенция басқармасының офицері Айдос Мамыт және «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Дархан Құлжамбеков сөз сөйледі.
«Астана» клубты мен футбол орталығының ұжымымен кездесуде Айдос Мамыт мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған саясатының негізгі бағыттарын атап өтті. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат концепциясы әзірленіп, бекітілгенін айтты. Онда парасатты қоғамды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың себептерін барынша азайту, сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету мәселелері көрсетілген.
«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Дархан Құлжамбеков қазіргі уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, қоғамдық кеңестердің қатысуы арқылы, азаматтық қоғамның рөлі күшейіп келе жатқанын атап өтті.
Семинар барысында «Астана» ФК Бас директоры Тастанбек Есентаев агенттіктің Департамент өкілдерін «Астана» ФК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, клуб қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті насихаттау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Бас серіктес