Instat аналитикалық компаниясы Қазақстан чемпионатының 7-ші турындағы «Шахтер» - «Астана» матчының статистикалық мәліметтерін жариялады. Айта кетейік, ол кезде елордалық команда 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Матчтың үздік ойыншысы Валерий Чуперка атанды. Ол Instat Index бойынша ойынның көшбасшысы болды. Ол кездесу барысында гол соғып, алаңдағы жекпе-жектердің 67%-ын жеңіп, 85% дәлдікпен пас берген.
Екінші орынға Жарко Томашевич жайғасты. Ол алаңда өзі қатысқан барлық жекпе-жекте жеңіске жетіп, осы көрсеткіш бойынша көшбасшысы атанған.
Үздік үштікті Дмитрий Непогодов түйіндеді. Қақпашы 4 соққыны қайтарып, айып алаңында 6 рет нәтижелі ойын көрсетіп, өз қақпасына гол өткізбеді.
Сонымен, Инстат Индекс бойынша матчтың ТОП-5 ойыншысы:
1.Валерий Чуперка 297
2.Жарко Томашевич 274
3.Дмитрий Непогодов 264
4.Энрике Лопес 253
5.Лука Шимунович 242