Армения құрамасының қорғаушысы Вараздат Ароян қысқы маусым аралығында «Астананың»жаңа ойыншысы атанды.
Ароян елордалық команданы неге таңдағаны туралы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты:
- «Астана» тарапынан қызығушылық туралы маған «Тамбов» сапында жүргенде маусымның соңында айтылды. Содан кейін маған бас бапкер Андрей Тихонов, одан соң Дэвид Лориямаған қоңырау шалды. Құдайға шүкір, біз барлық мәселелер туралы келістік, мен астаналықтар сапында өзімді өте жайлы сезінемін. Менде, тағы да Грекияда, Кипрде, Израильде таңдаулар болды, бірақ «Астананы» таңдадым, өйткені бұл - атағы үлкен клуб, еурокубоктардың тұрақты қатысушысы және менің ауысуыма жаттықтырушының жеке мүдделілік білдіруі себеп болды.
- «Астанаға» келер алдында Тигран Барсегянмен сөйлестіңіз бе, клуб туралы ол не айтты?
- Әрине, онымен де сөйлестім, ол ел, қала, команда туралы көп жақсы нәрсе айтты.
- «Астанада» Тихоновпен жұмыс істеуден алған алғашқы әсеріңіз қандай?
- Алған әсерім өте жақсы, командада маған қазақстандық жастар ұнады, олар жаттығуларда бар ынтасымен жұмыс істейді. Қазір біздің құрамымыз - жоғары деңгейде өнер көрсетуде үлкен тәжірибесі бар футболшылармен бірге талантты жастар біріккен құрама. Менің ойымша, осындай құрамадан тұратын команданың жетістікке жетуге жақсы мүмкіндіктері бар.
- Сен «Астана Аренада» «Пюник» сапында және Қазақстан құрамасында «Астанаға» қарсы екі рет ойнадың. Қала, стадион қандай әсер қалдырды?
- Мен «Астана Аренада» үш рет ойнадым, ол Армения жастар құрамасының матчы болатын. Өте жақсы қала, заманауи стадион және де біз жастармен жеңіске жетіп, ал ұлттық құрамамен тең ойынмен кеттік, маған өте қатты ұнады.
- Құраманың соңғы матчтарында капитанның таңбасымен шығып жүрдіңіз, сен үшін өз құрамңның капитаны болу деген не?
- Бұл мен үшін өте маңызды. Өз Отанымның құрамасының капитаны болу мен үшін арман болды!
- «Астана» сапында ойнайтын алғашқы ресми матчым - жаңа форматта өтіп жатқан Қазақстан Суперкубогының жартылай финалдық матчы болуы мүмкін. Бұл формат саған ұнай ма және «Астананың» Суперкубоктағы мүмкіндігін қалай бағалайсың?
- Шынымды айтсам, мен елдегі Суперкубокты осындай форматта өткізілуін алғаш рет көріп отырмын. Барлық матчтар қызықты болады деп ойлаймын. Біз «Шахтермен» ойнаймыз, жеңіп, финалға шығуға тырысамыз, содан кейін ойын әрі қарай жалғаса береді.
- «Астана» формасында жүріп, алдыңа қандай міндеттер қоясың?
- Мен «Астана» командасы - команда алдына тек жоғары міндеттер қоятын, үлкен амбициялы клуб екенін білемін. Менің міндетім - әрбір матчқа шығып тұру, командаға чемпионатта да, еурокубокта да жеңіске жетуге және мәселелерді шешуге көмектесу, бұл мен үшін де, команда үшін де өте маңызды.
- Командада қандай нөмірмен өнер көрсеткіңіз келеді?
- Мен үшін бұл өте маңызды мәселе емес. Бірақ мен құрамада №3 - де ойнаймын, егер ол «Астанада» бос болса, бұл жерде де сол номерді алар едім.