«Астананың» қорғаушысы Вараздат Ароян Румыния-Армения матчында өз құрамасының екінші добын соғып, ойын қаһармандарының бірі атанды.
Сонымен қатар Ароян Армения ұлттық құрамасын алаңға капитан ретінде алып шықты. Кездесуден кейін ойыншы пікірімен бөлісіп, футбол федерациясына сұхбат берген еді:
«Мен үшін капитан болу - үлкен мәртебе. Өкінішке қарай, бұл үш ойынға Генрих Мхитарян қатыса алмады, сондықтан бұл міндет маған жүктелді. Қатарынан үш ойында жеңіске жеткенімізге қатты қуандық, білуімше, бұл тарихи нәтиже.
Мен бұл жеңістерді халқымызға арнағым келеді. Біз олардың көңілін көтеріп, барынша қуанта алдық деп үміттенемін!