kz

RU
KZ
«Астана» футбол орталығының тәрбиеленушісі «Футбол достық үшін» турнирінің алғашқы қазақстандық жеңімпазы атанды
10 жел 2020

 

«Футбол достық үшін» халықаралық балалар әлеуметтік бағдарламасын «Газпром» ЖАҚ 2013 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Бұл бағдарлама өткен жеті маусымда 6 мыңнан астам қатысушыны біріктіріп, 5 миллионнан астам жақтаушыны өз қатарына қосты. Бағдарлама қатысушылары - жас футболшылар мен жас жаттықтырушылар, яғни 12 жастағы спортшылар. 2020 жыл бұл бағдарламаға аздаған өзгерістер еніп, барлық жарыстар онлайн режимде өтті. 
Арнайы цифрлық платформа барлық жастағы 10 мыңнан астам ойыншыларды біріктіріп, халықаралық балалар жарыстарының базасына айналды.
«Астана» футбол клубы «Футбол достық үшін» жобасына екінші жыл қатысып отыр. Бұл жылы елорда клубы атынан 12 жастағы спортшылар Алдияр Нұрғали, Асланбек Марат, Әлинұр Ғабиденұлы, сондай-ақ 16 жастағы Ербол Ербекей сынға түсті.
Әлинұр өнер көрсеткен команда турнирдің чемпионы атанды. Қазақстандық жас Ресей, Латвия, Түркия, Босния және Герцеговина, сондай-ақ БАӘ-гі құрдастарымен бір топта болды.
 Осылайша, «Астана» футбол орталығының жас тәрбиеленушісі турнирдің 8 жылдық тарихындағы Қазақстаннан шыққан алғашқы жеңімпаз атанды.
 Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаз командаға басты жүлде ретінде Чемпиондар Лигасының 2020/2021 финалына билеттер уәде етілді.

Бас серіктес