Араға 2 жыл салып, чемпиондық дәрежеге қайта көтеріліп, бізге үлкен қуаныш сыйлаған «Астана» футбол орталығының 2003-2004 жылғы тәрбиеленушілеріне «Спорт шеберіне кандидат» спорттық разряды табысталды.
Бүгін «Астана» футбол клубының ғимаратында клубтың Бас директоры Тастанбек Есентаев, спорт директоры Мұрат Тілешев, «Астана» футбол орталығының директоры Арсен Іңкәрбеков, бас бапкері Владимир Глевич пен көмекшісі Вчеслав Прокопенко жігіттердің басын қосып, сертификаттарын табыстап, жаңа маусымда сәттілік пен жеңіс тіледі.
2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында алтын медаль тағып, жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасына жолдама алды. Қостанайда өткен шешуші матчта, «Қайратпен» чемпиондық атақ таласқа түскен, маусымның ең басты кездесуінде керемет ойын көрсетті. Саламат Жұмабеков – ел біріншілігінің үздік жартылай қорғаушысы, ал Константин Оноприенко үздік қақпашы атанды. Жарайсыңдар, жігіттер! Тек алға!
Әрине, таласқа толы маусымда жақсы ойын көрсеткен командаға, бала кезден тәрбиелеп, осындай деңгейге жеткізген бапкерлер құрамына да алғыс айтамыз.