kz

RU
KZ
«Астананың» тәрбиеленушілері республикалық турнирлерге аттанады
00:00, 20 ақп 2022

«Астана» футбол орталығының 2004 жылға дейінгі жасөспірімдері Тараз қаласында өтетін «Арман» турниріне қатыспақ. Елордалықтармен бір топта «Тұран», «Қайсар», «Алтай» және «Семей» командалары өнер көрсетеді. Жарыстың басты мақсаты – Қазақстан U-19 құрамасына үміткерлер ойыншыларды қарастыру.

Ал 2006 жылғы жасөспірім футболшыларымыз Шымкентте болатын «Жастар» турнирінде бой көрсетеді. «Астанамен» бір топқа «Қайрат», «Каспий» және «Семей» командалары түскен. Бұл біріншіліктің діттегені – Қазақстар U-17 құрамасына ойыншыларды іріктеу.

Аталмыш жарыстар 21-27 ақпан күндері аралығында өтеді, іріктеуге бөлінген топтық кезеңде әр топтан үздік болған екі ұжым 21-27 наурызда болатын финалдық сынға жолдама алады.

Бас серіктес