kz

RU
EN
KZ
Футболдан Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XVII туры Фанас Салимовтың құрметіне арналады
26 там 2022

Фанас Нагимұлы Шымкентте дүниеге келген, өзін жас шағында футбол алаңында көрсете білген ол Алматыдағы республикалық мектеп-интернатқа шақырылған.

КСРО жастар құрамасына, сондай-ақ Мексикада өткен әлем чемпионатына қатысқан Одақтың жастар құрамасына шақырылды. Нидерланды құрамасына гол соққан ойыншылардың бірі болды.

Салимов көп жылдар бойы Алматының «Қайратында» КСРО чемпионатында өнер көрсетуімен кеңінен танылды. Одақ ыдырағаннан кейін Фанас Нагимұлы Украина чемпионатына кетіп, «Ворскла», «Нива», «Элвис», «Кривбас» және «Николаев» командаларында өнер көрсетті.

Қазақстанда «Екібастұз», «Жігер», «Жетісу», «Шахтер», «Тараз» және «Ордабасы» командаларында ойнады.

Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін Фанас Нагимұлы футбол саласындағы қызметін жалғастырды. Ол қайтадан алаңға шықты, бірақ төреші және футбол инспекторы ретінде еді.

2021 жылы 27 тамызда Қазақстан футболының аңыз адамы өмірден өтті.

Бас серіктес