Инстат аналитикалық компаниясы 15-ші тур аясындағы «Астана» - «Қайрат» арасындағы «Жас Қыран» стадионында өткен ойынның нәтижелерін жариялады.
Осы мәліметтер бойынша елорда командасының қорғаушысы Юрий Логвиненко екі көрсеткіш бойыншы турдың көшбасшысы атанды.
Логвиненко 24 тартыстың 19-ын жеңіп, ал оның 19-ның 9-ы екінші қабатта болса, қалған 15-і қорғаныста болды. Екі көрсеткіш те 15 турға қатысқан барлық ойыншылар арасында ең жоғары нәтиже.
Сондай-ақ, жекелей тартыс бойынша Алексей Щеткин мен Марин Томасовты атап өткен жөн, олар бір ойында 11 жекпе-жекте жеңіске жеткен.