kz

RU
EN
KZ
Юрий Перцух: «Астана» сапында ғажап маусым өткіздім»
«Астаналық» жартылай қорғаушысы Юрий Перцух клубпен қоштасып, елордалық команданың жанкүйерлеріне лебізін жолдады.
09 қаң 2023

- Бұл менің аяқдопшы ретінде ғана емес, тұлға ретінде де бірер сатыға көтерілген ғажап кезең әрі үлкен өмірлік тәжірибе болды. Еуропалық жарыстарға қатысу, «Астананың» намысын халықаралық аренада қорғау, ел чемпионы атану – бәрі де ұмытылмас естелік. Клубқа осындай жарқын эмоциялар үшін, бірнеше жылға жалғасқан ынтымақтастық үшін алғыс айтамын.

Жанкүйерлерге арнайы лебізімді білдіргім келеді: мен баршаңызға дән ризамын, әрқашан қолдау көрсетті, қиын кездерде көңілімді аулап, команданың жетістігіне шын жүректен сене білді. «Астана» алдағы уақытта да жанкүйерлерін әдемі ойынмен, жарқын жеңістермен қуанта береді деп сенемін!

«Астана» ФК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Астана» ФК серіктесі – «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес