kz

RU
EN
KZ
Юрий Перцух: «Біз медицина қызметкерлерінің пандемиямен күресу кезінде қаншалықты еңбек еткенін жақсы түсінеміз»
 «Астана» «Оқжетпеске» қарсы кездесуде маңызды жеңіске қол жеткізді.
23 там 2020


Осы ойын туралы Юрий Перцух өз пікірімен бөлісті:

- Бізге Бресттегі сырт алаңдағы қиын ойыннан кейін жеңіске жету өте маңызды болды. Бүгінгі ойын қиын болды. Дегенмен, кездесу біз үшін өте жақсы аяқталып, маңызды жеңіске қол жеткіздік. Енді ілгері жылжуға тиіспіз!

- Бүгін команда алаңға арнайы жейдемен шығып, дәрігерлерді қолдады. Бұл акцияның сен үшін маңызы қандай?

- Әрине, бұл команданың барлық өкілі үшін өте маңызды! Біз медицина қызметкерлерінің пандемиямен күресу кезінде қаншалықты еңбек еткенін жақсы түсінеміз. Мен кейбір команда өкілдерінің қатты ыстыққа байланысты ойын формасын үзілісте ауыстырғанына қарамастан, екінші таймда осы акцияны қолдау үшін арнайы дайындалған футболканы киіп шығу парызым деп есептедім.

Бас серіктес