- Юрий, Вильнюсте өткен ойынға қандай баға бересіз?
- Ұлттар Лигасының алғашқы кездесуінде жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымын. Бұл психологиялық тұрғыда өте маңызды болды. Енді алдағы ойындарға дайындалатын боламыз.
- Литва құрамасы үшінші минутта гол жібергендіктеріне қарамастан, сенімді ойын көрсетті.
- Иә, бұл жерде қарсылас өз алаңында ойнады. Ол құрамаға аз да болса басымдық беретіні сөзсіз.
Литва – өз құнын білетін, мықты команда. Сондықтан да оларға қарсы ойын оңай болған жоқ.
- Вильнюстегі жасанды алаң Сіздерге кедергі келтірген жоқ па?
- Жоқ. Біз ол алаңға тез бой үйретіп алдық.
- Алда Беларусь құрамасына қарсы ойын. Ол кездесуден не күтесіз?
- Құрама деңгейінде дәл қазіргі сәтте әлсіз қарсылас жоқ. Қарсыласты құрметтейміз, алайда біздің жеңіске жеткіміз келеді. Дайындығымыз өте жақсы. Ойын қиын, әрі қызықты өтеді деп ойлаймын.