kz

RU
EN
KZ
УЕФА Жасөспірімдер Лигасына жолдама алу жолында!
08 қар 2020

 

Шымкентте 2003 жылы туған жасөспірімдер командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігі өтеді. 
Пандемияға байланысты футбол орталықтары мен академиялардың барлық жастары ойын тәжірибесінсіз қалды, бірақ жыл сайын 17 жасқа дейінгі жас санатындағы Қазақстан чемпионы УЕФА жасөспірімдер Лигасына жолдама алады!
Осы жылы турнир форматына айтарлықтай өзгерістер еніп, турнирге қатысатын 12 команда 4 топқа бөлініп, топта жеңімпаз атанған ұжымдар өзара жүлделі орындарға таласатын болады! 
 «Астана» жастары «Қызыл-Жар СҚ» (Петропавловск) және «Қайсар» (Қызылорда) командаларымен бір топқа түсті. 
Елордалық делегация Шымкентке төмендегі құраммен аттанады: қақпашылар: Константин Оноприенко (2003), Әлішер Сүлеймен (2003), қорғаушылар:  Александр Лисин (2003), Дархан Дүйсембеков (2003), Арсен Актаев (2003), Сергей Есько (2004), Антон Гонтов (2003), Даниял Бахыт (2004), Максим Мамонтов (2004), жартылай қорғаушылар: Бақдәулет Батырбай (2003), Олжас Әділ (2003), Диас Усеинов (2003), Саламат Жұмабеков (2004), Алихан Утешев (2003), Айдос Табиғат (2003), Ерқанат Нұрланұлы (2003), Алан Якупов (2003), шабуылшылар: Хасан Сампиев (2004), Диас Испанов (2003), Андрей Березуцкий (2004).
 Бапкерлер құрамы: Вячеслав Прокопенко - бас бапкер, Владимир Глевич – бас бапкердің көмекшісі, Арсен Іңкәрбеков – Футбол орталығының жетекшісі, Олег Романенко – дәрігер-массажист.

Бас серіктес