Чернорория құрамасының ойыншысы қарсылас қақпасына екі гол соғып, сондай-ақ кездесу барысында талдықорғандық ұжым қақпасына төрт соққы жасаған. Жарко одан бөлек, жекелей тартыстың 81%-да жеңіске жетіп, 91% тура пас берген.
Екінші орында Абзал Бейсебеков. Аталмыш кездесуде команданы капитандық белгімен алаңға бастап шыққан қорғаушы қарсылас ойыншыларынан 11 мәрте допты тартып алып, «Жетісу» қақпасына үшінші голды соққан еді.
Үздік үштікті Марин Томасов түйіндеді. Хорватииялық жартылай қорғаушы айып алаңына пас асыру (14) көрсеткші бойынша үздік шықты.
Үздік бестік:
1.Жарко Томашевич 361
2.Абзал Бейсебеков 299
3.Марин Томасов 286
4.Урош Радакович 280
5.Тигран Барсегян 271