kz

RU
EN
KZ
Алексей Щеткин "Астанадан" кетті
13 қаң 2021

    "Астанамен" келісімшарт аяқталғаннан кейін командадан Алексей Щеткин шықты.

    Форвард 2015 жылы "Астана" сапында дебют жасап, осы жылы Қазақстан чемпиондары титулын,, еліміздің Суперкубогын жеңіп алып, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде ойнады.

    Елордалық клубтың футболкасында Щеткин 101 матч өткізіп, 18 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.

    "Астана" ФК Алексейге клубтың соңғы жылдардағы табысты өнер көрсетуіне қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді және футболдағы мансабын жалғастыруда табысқа жетуді тілейді.

Бас серіктес