kz

RU
KZ
Алексей Щеткин: «Қиын ойын болды»
«Астана» - «Ордабасы» арасындағы кездесу соңында елорда командасының шабуылшысы Алексей Щеткин шымкенттік команда қақпасына тура соққы бағыттап, есепті теңестірді.
11 нау 2020


Шабуылшы ойын туралы клубтың баспасөз қызметіне айтып берді:
- Қиын ойын болды. Алаң аздап құрғақ, әрі жел болғандықтан допты бақылауда ұстау қиынға соқты. Қақпамызға гол жібергеннен кейін есепті теңестіруге тырыстық. Ойын соңында дегенімізге жеткенімізге қуаныштымын. Жалпы алғанда, екі команда сапында да гол соғатын мүмкіндіктер болды. Сондықтан, ойында заңды нәтиже тіркелді деп ойлаймын.
- 0:1 есебімен ұтылып жатып, алаңға шыққан қиын болған жоқ па?
- Команда ұтылып жатқанда алаңға шыққан жеңілірек. Себебі, команда есепті теңестіруге тырысып алдыға жүгіреді. Ал 2:0, 3:0 есептерімен ұтып жатқанда өзіңді көрсету өте қиын.
- Сен гол соққанан кейін трибуна жаққа бірдеңе көрсеттің. Құпия болмаса кімге және не көрсеттің?
- Бұл жеке бастың шаруасы. Қажет болған адам түсінді.

Бас серіктес