«Астана» жастар командасының бас бапкері Әли Әлиев «Жас-Қыранға» (7:2) қарсы өткен жеңісті ойынға қатысты пікірін ортаға салды.
— Әли, ойын ірі есеппен аяқталды — 7:2. Осындай есеппен жеңіске жетуге не түрткі болды?
— Бұл үлкен жұмыстың жемісі: негізгі құрамдағы ойыншылардан бастап, футбол орталығына дейін. Клубтың бас директоры Давид Лория негізгі командаға ойыншылар дайындау туралы тапсырма берді және біздің мақсат — нәтиже емес, тек ойын сапасы мен ойыншылардың кәсіби футболшы болып өсуі. Ойын есебі сәл қисынға келмеуі мүмкін, себебі қарсылас команда құрметке лайық. Олар соңғы минуттарға дейін тырысып бақты. Егер соғылған голдарға зер салатын болсақ, олар екі таймның да соңына таман салынған. Бұған қарамастан, ойын қарқынды өтті және бұл қарсылас команданың арқасы. Жеке өзімнің ойым, осындай «Жас-Қыран» секілді жобалар еліміздің әр аймағында болуы тиіс.
— Чемпионат басында біздің жастар Алматыда осы «Жас-Қыранға» (0:1) есе жіберген еді. Бүгінгі ірі жеңіске қарар болсақ, сол ойыннан бері нені өзгерту қолдан келді?
— Сырт алаңда ойнау мен өз үйіңде ойнау — бұл психологиялық тұрғыда әртүрлі жағдай. Бастысы, жігіттер алға қарай жылжуда, оның үстіне олар жіберген есені қайтару керегін түсінді. Ал бұны жасау үшін, тек жігер ғана емес, бірінші ойындағы қателіктерді түзеу аса маңызды. Ойыншылар өз кезегінде бұл тапсырманы орындай алды және Андрей Валерийұлы Тихонов бастаған бапкерлер құрамы жеңіспен құттықтап, алғыстарын жеткізді.