«Астана» жастар командасының бас бапкері Әли Әлиев «Ақсу» командасымен өткен матчтың қорытындысына қатысты пікір білдірді (5:0).
– Әли, команда кезекті рет жеңіске жетті. «Ақсу» командасымен матч қалай өтті?
– Бұл – клубтың жаттықтырушылар штабының атқарған еңбегінің нәтижесі. Барлығына үлкен рахмет, атап айтсақ, ойыншылар, негізгі команда және футбол орталығына алғыс айтамын. Матч біздің ыңғайымызға келді, бірақ қарсыластарда дәл ойын алдында өзгерістер болды, сондықтан жеңісті асыра бағалаудың қажеті жоқ. Әрине, ойластырған межеге қол жеткізе бастадық, сол үшін қуанамыз. Қорғаныста да, шабуылда да оң өзгерістер бар. Әлбетте, біз ойын қарқынын сақтауды көздеп отырмыз.
– Соңғы алты матчта «Астана» 25 гол соғып, тек 2 гол жіберіп алды. Мұндай сәттіліктің сыры неде?
– Жаттығу барысында біз командадағы жылдамдығы жоғары ширақ ойыншыларға, солар арқылы шабуылға баса назар аударамыз. Олардың мүмкіндіктерін пайдалану керек. Жинақы әрі сенімді қорғаныс құру қажет – бұл қорғаушылар үшін маңызды миссия. Балалар ойдағыдай өнер көрсетуде, дегенмен әлі де аянбай еңбек ету керек.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ