kz

RU
KZ
Арсен Іңкәрбеков: «Балалардың көзінде от бар»
«Астана» футбол Орталығы жаттығу жұмыстарына қайта кірісті. Астаналық клубтың балалары қандай жағдайда футбол алаңындағы белсенді жаттығуларға қайтып келгенін ФО жетекшісі Арсен Іңкәрбеков айтып берді:
12 мау 2020


- Футбол орталығының барлық жаттықтырушылар құрамы және әкімшілік штабы короновирусқа анализ тапсырып, содан кейін ғана жаттығу жұмыстарына жіберілді.
Артынша біз барлық талаптарды сақтай отырып, жаттығу процесін қайта бастадық, медициналық штаб балалардың қолдарын антисептикпен өңдейді, температураларын өлшейді. Балалардың жаттығу сабақтарына қатысуы бойынша ережелер жинағы әзірленді.
- Карантин кезінде балалармен қандай жұмыстар жүргізілді?
- Барлық балаларға функционалдық форманы сақтау үшін жеке тапсырмалар таратылды, онлайн режимінде жаттығу жұмыстары өткізілді. Әрине, мұндай ұзақ үзілістен кейін балалардың көзінде от бар екені көрініп тұр. Бірақ, барлығының бірдей физикалық жағдайы мінсіз емес. Сондықтан, балалардың нақты спорттық бабын анықтау үшін, барлық жаттығу жұмыстары жеңілдетілген жағдайда өтеді. Біз алғашқы аптадан кейін барлық жастағы топтарды арнайы тестілеуден өткізіп, оның қорытындысы бойынша апталық және айлық циклде бағдарлама құрастырамыз, сондай-ақ жыл соңына дейінгі жаттығу жұмыстарының күнтізбесі жазылады.
- Футбол орталығы 2012 жылдан бастап жұмыс істейді, қазір орталықтың алдында қандай мақсат тұр?
- Негізгі мақсат - алдағы уақытта клубтың негізгі және қосалқы құрамына, сондай-ақ жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрамаларға үміткер болатын футболшыларды тәрбиелеу.
- Соңғы іріктеу турнирінде «Астана» футбол орталығының тәрбиеленушілері Владислав Прокопенко, Мәди Жақыпбаев, Рамазан Кәрімов және Сұлтан Сағнаев Қазақстан жастар құрамасы сапында ойнады. Болашақта халықаралық аренада қазақстанның намысын қорғайтын жастар бар ма?
- Бізде әр жаста талантты футболшылары бар, қазір негізгі құрамның жаттығуларына 2000-2001 жылы туған бірқатар ойыншылар тартылуда, 2001-2002 жылы туған үлкен топ клубтың жастар командасының құрамында. Сондай-ақ, әр жаста өте қабілетті футболшылар бар, олардың дамуы өздеріне және футбол орталығының бапкерлер құрамының тыңғылықты жұмыс істеуіне тікелей байланысты.

Бас серіктес