kz

RU
KZ
«Астана-2007» халықаралық турнирден тоғызыншы орынмен оралды
Беларусияда 2007 жылы туған балалар командалары арасында халықаралық «Минск Кап 2020» турнирі өз мәресіне жетті.
01 нау 2020

Аталмыш турнирде Беларусь, Қазақстан, Ресей, Израиль, Белгия, Украина, Эстония, Латвия, Литва, Италия және Грузия елдерінің командалары бақ сынады.
«Астана» жастары СШОР №5 (Калининград), «Брюгге» (Бельгия) және ФК «Минск» (Беларусь) командаларымен бір топқа түсті. Жанат Закиров пен Жоламан Табиғат шәкірттері топтық кезең аясында СШОР №5 командасына қарсы кездесуде 1:1 есебімен тең түсті. Ойындағы жалғыз голдың авторы Бекарыс Түменов. Ал белгиялық және беларусиялық командаларға сәйкесінше 3:0 және 4:0 есептерімен жол берді.
Осылайша, астаналықтар өз тобында үшінші орын иеленіп, турнирдің 9-шы орынына таласты жалғастырды. Алдымен елорда жастары Роман Руденконың соққан голының арқасында «Харью» (Эстония) 1:0 командасын жеңсе, дәл осындай есеппен «Минск-2» ұжымынан басым түсті. Ойындағы жеңіс голының авторы Мақсат Қабыл.
Қазақстандықтар 9-шы орын үшін өткен ойында СШОР№5 (Смоленск, Ресей) командасын 1:0 есебімен жеңді. Гол авторы Бекарыс Түменов.

Бас серіктес