Екінші лига матчында «Астана Жас» «Жеңіс Жас» командасын 2:1 есебімен ұтты.
Матч басталмай жатып Сапар Қарынбаевтың шәкірттері Батырхан Мұстафиннің голымен есеп ашқанымен, қарсылас бірінші таймда таразы басын теңестіре алды.
Аслан Ғабиден ойын соңында гол соғып, елордалық құрамға жеңіс әкелді.