2011 жылы туған астаналық студенттер Худжанд қаласында өткен халықаралық турнирге қатысты.
Топтық кезең аясында елордалықтар «Джовани» (3:1), алматылық «Мегаспорт» (2:0) және өзбектің «Нетфчи» (3:1) командаларынан басым түсті. Жартылай финалда біздің жігіттер Ташкенттік «Пахтакор» командасынан (4:1) мықты болды.
Финалда астаналықтар «Бунёдкордан» пенальтилер сериясында жеңіліп қалды (6:7). Ең жақсы ойыншы. Турнирде астаналық ойыншы Мансұр Еркінбек танылды.
Команданың бас бапкері – Жоламан Табиғат.