Аталған турнирде Қазақстаннан басқа Өзбекстан, Черногория, Косово, Болгария, Молдова елдерінен келген командалар бақ сынайды. Турнирдің ерекшелігі – матчта үш тайм болады, бұл ойын тәжірибесін артыруға сеп болмақ.
Бірінші кезеңде «Орловец» Габрова командасымен кездескен астаналық ойыншылар 8:0 есебімен ұтты. Ал келесі кезеңде «Астана» футбол орталығының тәрбиеленушілері «Winner» Косово командасынан басым түсті (4:1).
Алда біздің жігіттер разградтық «Лудогорец» пен варналық «Спартак» командаларымен ойнайтын болады.
Команданың бас бапкері – Бекзат Мейрамбекұлы. Бас бапкердің көмекшісі – Жанна Сәлімжанқызы, ал команда менеджері – Дмитрий Михалович.