kz

RU
EN
KZ
«Астана» U-10 чемпион атанды
«Астана» футбол орталығының 2013 жылғы тәрбиеленушілері «Yaryshev cup» турнирінде жеңіске жетті.
19 жел 2023

Павлодарда 11-15 желтоқсан аралығында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Ярышевті еске алуға арналған турнир өтті. Турнирде футбол орталықтары мен академияларының 2012 және 2013 жылы туған тәрбиеленушілер бақ сынады. Биыл дәстүрлі түрде жетінші рет ұйымдастырылған жарыстың мақсаты – футболды кеңінен насихаттау, болашағынан зор үміт күттіретін жас аяқдопшыларды анықтау, әр өңірден қатысатын футбол және спорт мектептері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, үздік командалар мен ойыншылардың әйгілеу.

«Астана» футбол орталығының 2013 жылғы тәрбиеленушілері финалда «Ақсулық» аяқдопшылардан 1:0 есебімен басым түсіп, бес күнге созылған «Yaryshev cup» турнирінің жеңімпазы атанды. Шәкірттеріміз Кеңесхан Айшуақ – үздік қақпашы, ал Данат Әділов – үздік шабуылшы деп танылды.

Чемпион атанған командамыздың бас бапкері Бекзат Дүйсенбаев, ал көмекшісі Жанна Малғаждарова.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес